«Birgemiz» қайырымдылық акциясы аясында «Елсана» руханият клубының жетекшісі Нұржан Ермұханов пен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің басшысы Андрей Кораблев тұрмысы төмен 14 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін жеткізіп берді.
«Әлеуметтік осал топтағы біз үшін бір ауыз жылы сөз де үлкен қолдау болады. Бірақ, жанашыр жандар кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық қайырымдылық танытты. Олар бізге қажетті азық-түлікті үйімізге әкеліп берді», - дейді қос жанарынан айрылған Талғат Хами.
Сондай-ақ, қоғамдық ұйым өкілдері азық-түлік берумен шектелмеген. Олар жалдамалы пәтерде тұратын кейбір отбасылардың жалдау ақысын төлеуге қол ұшын созды.