#БіргеТазаҚазақстан: Акцияға әскерилер де атсалысып жатыр

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері елде жарияланған «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшысы майор Дина Мухаринованыңайтуынша, командирлер басқарған әскери қызметкерлер гарнизондарының жанынанағып өтетін арықтар мен өзендерді тазалауға кірісті. Ең алғашқылардың біріболып тазалауға 5-ші механикаландырылған бригаданың әскери қызметкерлері шықты.Сондай-ақ акцияға «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының Шымкент, Гвардей, Қызылорда, Луговский және басқа дагарнизондарының әскери қызметкерлері қосылды.

«Еліміздің премьер-министрі акция кеңінен таралатынына,жалпы республика деңгейіне тарап, азаматтардың тарапынан қолдауға ие болатынынасенім білдірді. Шынымен де, арналар мен арықтарды тазалауға әскери қызметкерлерғана емес, сондай-ақ, олардың отбасыларының мүшелері де шықты. Тіпті өздеріниет білдірген. Бұл әскери қызметкерлер мен олардың отбасылары елінің тағдырымен жағдайына бейжай қарамайтынын білдіреді. Біз барлығымыз үлкен бір елдің – Қазақстан Республикасыныңазаматтарымыз. Біздің әскери қызметкерлеріміз туған қалалары мен ауылдарыныңкөшелерінде қоқыс жатпағанын, өзендердің таза болғанын, экологияныңнашарламағанын қалайды», - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріқолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары ОразаКүшіков.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөзқызметінде атап өткендей, әскери қызметкерлер арналарды, арықтарды, суқоймаларын, өзендерді тұрақты түрдетазалап отыруға ниетті. Бұл басқалар үшін жақсы үлгі болмақ.

Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар