деп хабарлайды РБК агенттігі.
Қалың тұман себеп болған бұл жол-көлік оқиғасының салдарынан 1 адам қаза болып, тағы 60 адам жараланды.
Соқтығысып қалған көліктер колоннасының ұзындығы жарты шақырымға жеткен. Нәтижесінде Әмірліктегі көлік көп жүретін бұл жол бірнеше сағатқа жабылып қалған.
2008 жылдың наурыз айында дәл осы жолда осындай үлкен жол оқиғасы тіркелген еді. Ол кездегі жол апатына да тұман себеп болған. Абу-Даби-Дубай тас жолында ол жолы үш адам қаза болып, 300 адам жараланған-тын.
Біріккен Араб Әмірліктерін көк тұман жиі басады, әдетте тұман таңертең түседі және оның қалың болатыны сондай, әуежайлар әуе қатынастарын тоқтатуға мәжбүр болады.