Ал БАӘ ұлттық іздеу-құтқару орталығының мәлімдемесіне қарағанда, тікұшақ бортында әмірліктің үш азаматы - екі ұшқыш, сондай-ақ шетелдік дәрігер болған. Бәрі әуе апатынан қаза тапты.
AgustaWestland AW139 тікұшағы елдің ең биік нүктесі - Джебель Джайс тауында құтқару операциясы кезінде құлаған.
Оқыс оқиғаны көргендердің айтуынша, тікұшақ жақында ғана ашылған таудан жылдам түсуге арналған аспа жол - зиплайнға соғылған болуы мүмкін.
Рас-эль-Хайма әмірлігі апаттың себеп-салдарын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.