АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Біріккен Араб Әмірліктерінің гуманитарлық қоры әлемнің 15 еліне әуе және су көліктері арқылы 241 тонна құрма жөнелтпек.
Бұл жайында islamdag.ru хабар таратты.
Аталмыш қор тұрмысы жүдеу адамдардың өмірін жақсарту мақсатында елшіліктермен ынтымақтаса жұмыс істеуді әдетке айналдырған. «БАӘ құрмасын Мысыр, Ливан, Өзбекстан, Танзания, Пәкістан, Бангладеш, Қазақстан, Түрікменстан, Малайзия, Швейцария, Германия, Бельгия, Испания және Португалия секілді елдер тұтынатын болады»,-деп жазады muslim.kz.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.