АЗЕРТАДЖ-дың жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, жол талғамайтын 180 көлік кәсіби жарысушы Аксиль Джеффрианың басшылығымен қозғалған. Dubai Rugby 7 стадионының жанында орындалған биге «NissanPatrol» автомобильдері тартылды. Көліктердің екі қатары синхронды, қарама-қарсы бағытта қозғалып, Арабия шөлінің үстімен қалықтап ұшқан сұңқарды бейнеледі.
18:25, 01 Қараша 2018
Біріккен Араб Әмірліктері автомобиль билері бойынша әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Біріккен Араб Әмірліктері тағы бір әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жолы араб елі «Автомобильдердің әлемдегі ең көлемді синхронды биін» орындады.