Біріккен Араб Әмірліктерінде армиядағы міндетті қызмет енгізілді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бин Зайед Әл Нахаян сенбі күні әмірліктегі ер адамдардың әскери қызметтен міндетті түрде өтетіні туралы заң шығарды.

БАӘ-нің «Уакалят Анбаа Эль-Эмарат» (WAM) ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім Парсы шығанағындағы араб мемлекетінің Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыздықтың кеңейе түсуіне алаңдаушылығынан туындап отыр.

Заңның шығарылуы ұлдарды Отанға сүйіспеншілік, адалдық және риясыз қызмет ету рухында тәрбиелеу мақсаттарына сай келеді», - делінген WAM хабарламасында.

Әмірлік басшысы шейх Халифа бин Зайед Әл Нахайян араб монархиясында міндетті әскери қызмет енгізу идеясын алғаш рет биылғы қаңтар айында айтқан болатын. Заңға қол қойылғаннан кейін ол денсаулығы жөнінен медициналық талаптарға сай келетін 18 бен 30 жас аралығындағы әмірліктегі ер адамдардың бәріне қатысты. Әмірлік армиясына алынған орта білімді азаматтар тоғыз ай, ал мектеп аттестаты жоқтар әскери борышын екі жыл өтейді.

Әмірлікте әйелдердің армияда қызмет етуі міндетті емес. Егер әйелдердің өзі тілек білдірсе, тоғыз ай қызмет етеді, онда да алдымен шариғат заңына сәйкес қамқоршысының мақұлдауы міндетті болмақ.

БАӘ-дегі әскери қызмет оқу кезеңдерін, әскери жаттығуларды және патриотизм мен қауіпсіздік жөніндегі дәрістерді қамтиды. Лондондағы Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының мәліметтеріне қарағанда, БАӘ Қарулы күштерінде 51 мың адам бар, оның шінде Құрлықтағы әскерде - 44 мың, әскери-теңіз фотында - 2,5 мың адам, әскери-әуе күштерінде 4,5 әскер қызмет етеді.