ҚР-ның БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шариф «Фейсбук» желісіндегі жеке парақшасында жазғандай, Қазақстан делегацияларының алғашқы іскерлік кездесуі Дубайда өткен.
- «Al Habtoor Group» компаниялар тобының төрағасы Халаф аль-Хабтур «НУХ «Бәйтерек» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры Асат Нұрпейісов және «СПК Алматы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Дәрібаевпен келіссөздер жүргізген. Басқосуда екі жақты ынтымақтастықты кеңейтудің болашағы, оның ішінде Қазақстан аумағында бірлескен жобаларды іске асыру мәселесі жан-жақты талқыланды, деп хабарлады қазақстандық дипломат.
Бүгінгі таңда «Al Habtoor Group» жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, автомобиль өнеркәсібі, білім және баспа саласындағы ірі компаниялардың қатарында. Солардың ішіндегі «Бурдж аль-Араб» қонақүйінің құрылысы аса танымал жоба болып есептеледі. Бұл Дубайда туристердің ең көп тамашалайтын ғимараттарының бірі.
Халаф аль-Хабтурдың жеке байлығы 2 млрд. доллардан астамға бағаланады.