Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған Е.Сұлтанқұловты елге қайтару жұмыстары жалғасуда - ІІМ

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Альянсбанкінің» бұрынғы қызметкерлерінің ісімен байланысы болғаны үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған Ерік Сұлтанқұловты елге экстрадициялау мәселелесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, Е.Сұлтанқұловты «Альянсбанктің» бұрынғы қызметкерлерінің әрекетімен байланысты болғаны үшін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі іздестіріп жүрген болатын. Ал Қазақстандағы Интерполдың орталық бюросының өкілдері оған өткен жылдың қараша айында оған халықаралық деңгейде іздеу жариялады. «Қазіргі таңда ұсталған азаматты елге қайтару мәселесі бойынша құзырлы органдар тиісті материалдар дайындап жатыр», деді департамент бастығы.