Өз кезегінде Ясер аш-Шимали Әмірліктер тарапы да Қазақстан азаматтарының БАӘ-ге визасыз баруына мүмкіндік беретін қол қойылған екі жақты хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқталуға жақын екенін хабарлады.
ҚР СІМ сайтының мәліметінше , 2017 жылғы қыркүйекте БАӘ Үкіметінің қаулысы бекітілгеннен кейін Әмірліктердің барлық мемлекеттік органдары, сондай-ақ Әбу-Даби, Дубай және басқа әмірліктердің халықаралық әуежайлары бұл туралы ақпарат алады және өздерінің ішкі ережелеріне түзетулер мен өзгерістер енгізеді.
БАӘ СІМ КҚД Директорының пікірінше, Қазақстан азаматтары үшін Әмірліктерге визасыз кіру тәртібі шамамен 2017 жылғы қазан-қарашада күшіне енеді.
Айта кетерлігі, 2017 жылғы 23 мамырда Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша ҚР және БАӘ жалпыазаматтық паспорттарын иеленуші азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы хаттамаға қол қойылды.
2017 жылғы 20 шілдеде ҚР Үкіметі жоғарыда аталған 2010 жылғы 13 мамырдағы үкіметаралық Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы өз қаулысымен бекітті.
2017 жылғы 26 шілдеде ҚР СІМ дипломатиялық арналар арқылы БАӘ сыртқы саяси ведомствосына екі жақты Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің Қазақстанда аяқталғаны туралы хабарлады.