Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид Әл- Нахайян ел басшылығына қайта сайланды

АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Жоғары кеңесі шейх Халифа бен Заид Әл- Нахайянды мемлекет басшысы лауазымына қайта сайлау туралы шешім қабылдады.

Сейсенбі күні әмірліктің ақпараттық  агенттігі  хабарлағандай,     елдің    мемлекеттік  білігінің  жоғары органы - 7  әмірліктің  билеушілерінен  тұратын  Жоғары кеңес     президентке  сенімдерін  қуаттады  және    әмірлік Конституциясының баптарына сәйкес  оның  өкілеттігін  тағы 5 жылға ұзартты.