деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Жозетт Ширан ханым Ақ үйдегі кездесудің алдында журналистерге, ұйымның ағымдағы жылғы бюджет дефициті 3 миллиард долларды құрауы мүмкін екенін мәлім етті. Жоспарланған және мақұлданған жұмыстардың ауқымы 6,7 миллиард доллар қаржыны қажет етеді. Ал берілгелі отырған сома 3,7 миллиард доллар ғана.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы аш-жалаңаш халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын қысқартуға мәжбүр болып отыр. Жозетт Ширан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне 20 миллиард доллар бөлу туралы «үлкен сегіздіктің» уәдесіне қолдау білдірді, бірақ күннен-күнге өсіп отырған төтенше мұқтаждықтарға назар аударды. Проблема тек ауыл шаруашылығын дамытуда ғана емес, адамдардың азық-түлікке қолжетімділігін қамтамасыз етуде, дейді ол.