Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі және өзге де қатысушылары осы негіз қалаушы құжатты ратификациялаған соң, ресми түрде ұйым пайда болды және 1948 жылдан бастап 24 қазан - Біріккен Ұлттар Ұйымының күні ретінде мерекеленеді.
Айта кетейік, Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ мүшесі атанды.
1992 жылы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен алғаш рет БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі тағайындалды. 1992 жылы 5 маусымда БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігін құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды. 1993 жылы 16 ақпанда Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі ашылды.
2016 жылы 28 маусымда Қазақстан 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы бірқатар БҰҰ аранайы мамандандырылған мекемелерінің және екі аймақтық БҰҰ комиссиясының (ЕЭК және ЭСКАТО) мүшесі.