Ресми ақпарат бойынша, ағымдағы жылы БҰҰ қажетті 9,5 миллиард доллардың орнына небәрі 4,5 миллиард доллар ғана алған. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем қауымдастығына осынау қажетті соманы бөлу туралы өтініш жасап отыр, деп хабарлайды РСН агенттігі.
11:15, 17 Қыркүйек 2009
Біріккен Ұлттар Ұйымына гуманитарлық көмекке ақша жетпей жатыр
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Гуманитарлық шараларға 5 миллиардтай доллар жұмсалуы керек. Бірақ қаржының жетіспеушілігі Ұйымға әлемнің түрлі елдеріндегі миллиондаған адамға көмек көрсетуге мүмкіндік бермей отыр.