«Бірінші арна» Украинада өз тілшісінің қаза болғанын растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Донецк қаласында «Бірінші арнаның» операторын өлтіріп кетті. Бұл туралы Донецк халықтық республикасының баспасөз орталығының жетекшісі Клавдия Кульбацкая хабарлады.

«Оқ оператордың ішіне тиді, ол содан көз жұмды», - деп мәлімдеді Ресейдің "Жаңалықтар" ақпараттық агенттігіне Кульбацкая. Марқұм оператордың есімі Анатолий Клян, деп хабарлады Russia Today телеарнасы. «Бірінші арна» таңғы жаңалықтарда өздерінің журналисі қаза болғанын растады. "Қайғылы оқиға әскери бөлімдердің бірінің жанында болды. Ол жерге түсірілім тобы репортаж жасауға барған еді», - деді жаңалықтар жүргізушісі.