Бірінші кезекте жеңілрельсті көлік Астанадағы жаңа вокзал мен Ш.Қалдыаяқов көшесін жалғайды

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасына сәйкес елорданың негізгі көлік жүйесі жеңілрельсті көлік болмақ. Ол автобустың BRT жүйесінің жоспарланған жылдамдығында және Жекелеген - ITS көлік жүйесіне тән.

«Осы демалыс күндері Астанада жылдамдықты жеңілрельсті көлік жүйесін құру жобасын басқару жөніндегі Консультант болып айқындалған KSPMC (Kazakh Systra Projekt Management Consortium) Консорциумымен келісімге қол қойылды», - деп хабарлайды astana.kz.

KSPMC-мен тиісті келісімге 2013 жылдың 30 наурызы, сенбі күні «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын басқару мәселелері жөніндегі қызметтер» байқауының қорытындысы бойынша 1-ші кезекте қол қойылды.

Консультантты тарту мақсаты мұндай ауқымды да жоғары технологиялық жобаның барлық жүйесін тиімді жұмыстармен қамтамасыз ету болып табылады.

«ЖРК-нің 1-ші кезектегі құрылысы Астана қаласындағы EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу дайындықтары аясында қаланың инфрақұрылымын дамыту үшін айтарлықтай маңызға ие.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовтің 2013 жылғы 7-16 ақпан күні өткізген мәжілісінде 1 кезекте желіні жаңа темір жол вокзалынан Ш.Қалдыаяқов көшесіне дейін 16 станса, депо және 12 жылжымалы құрамда 21 шақырымға тарту жөнінде шешім қабылданды.

KSPMC Консорциумы көпжылдық тәжірибесі бар, ЖРК жобалау мен басқаруда әлемнің бірнеше елінде өзінің озық мүмкіндіктерімен танылған Systra компаниясының құрамына кіреді. Systra компаниясы 1995 жылы екі ірі француз компания-операторлары Sofrerail (SNCF) және Sofretu (RATP) арқылы әлемге танылды. Әрі олар темір жол мен қалалық көлік саласында зор жетістіктерге жетіп келеді. Атап айтсақ әлемде осы саладағы жобалаушы халықаралық фирмалар арасында 2-ші орын алады.