Бүгінгі таңда қылмыстық атқару жүйесінің білім беру орындарында әртүрлі компьютерлік техникалар ойдағыдай пайдаланып келеді. Қарапайым тақта мен бор орнына интерактивті құрылғылар қойылған.
Мысалға, пенитенциарлық жүйе тарихында Астана қаласы бойынша ҚАЖК ЕЦ-166/10 мекемесінде барлық қажетті құрылғыларымен бірге интерактивті тақта орнатылды.
Мектептерге 51 776 қазіргі оқулықтар сатып алынып, мектеп ішінде 300-ден астам компьютер қойылған 45 компьютерлік сынып ашылған.
ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 108 бабы 1 тармағына сәйкес түзету мекемелерінде 30 жасқа толмаған сотталушылар міндетті түрде орта білім алулары керек. 30 жастан асқан және 1-ші, 2-ші топ мүгедектері өз қалаулары бойынша оқиды.
2010-2011 оқу жылдары 1 413 жазасын өтеуші орта білім туралы аттестат пен негізгі орта білімі бар деген куәлік алған.