Бірінші лигада «Ақжайық» «Түркістанды» тізе бүктірді

Фото: Фото: Айбатыр Нұраш
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 14-турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Түркістанды» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тартысты өткен ойында бірінші таймда есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде 67-минутта ресейлік Евгений Кобзарь 11 метрлік айып добын дәл орындап, «Ақжайыққа» жеңіс әперді – 1:0.

Осылайша, 13 кездесуден кейін 25 ұпай жинаған қазақстандық маман Игорь Прохницкийдің шәкірттері турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Бүгін «Академия Оңтүстік» пен «Екібастұз» 1:1 есебімен тең тарқасса, «Жас қыран» «Таразды» 4:2 есебімен тізе бүктірді.

14-тур ойындары ертең жалғасады.

Оралдықтар келесі матчын 13 шілдеде Ақтөбеде «Ақтөбе-Жас» командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының ойыншысы Ян Вороговскийдің «Астанаға» алынғанын жазған болатынбыз.