«Ауыл шаруашылығында 2,8 пайыз деңгейінде тұрақты өсу байқалды. 13 өңірде оң серпін байқалып отыр. Мал мен құс еті, сүт өндірудің артуы есебінен Ақмола облысы ең жоғарғы өсуді көрсетті», - деді министр Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыздағы қорытындыларды баяндай келе.
Оның айтуынша, аталған салада төмендеу Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай тоқталсақ, 6 көрсеткіш бойынша оң өсім Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. 5 көрсеткіш бойынша 6 өңір оң өсім көрсетті. Олар Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы. 7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей. 2 өңірде 3 көрсеткіш бойынша оң өсу байқалды. Бұл ретте, сауда бойынша оң аймаққа Алматы облысынан басқа, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары енді», - деді Ә. Ерғалиеев.