Бұл туралы автонарыққа шолу жасаған «Qncepto" консалтингтік компаниясы хабарлады.
Негізгі өндірушілердің бірі «АЗИЯ АВТО» АҚ-ы KIA, Chevrolet, Lada және Skoda маркалы 1 237 жеңіл көлік құрастырған. Ал Қостанайда орналасқан «Агромашхолдинг Қазақстан» АҚ-ында SsangYong маркалы 4 көлік жасалды. Бұлардың 1 034-і сатылған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 3,62 пайызға артық. Жалпы алғанда қазақстандық автокөліктердің автокөлік нарығындағы сатылым үлесі 2010 жылдың 1 тоқсанындағы 7,92 пайыздан 16,32 пайызға өскен. Ал сатылмаған көліктердің үлесі былтырғы 9,48 пайыздан 19,61 пайызға артқан.
14:00, 14 Сәуір 2011
Бірінші тоқсанда Қазақстанда 1 241 автокөлік құрастырылды
АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2011 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 1 241 жеңіл көлік құрастырылды. Бұл былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 6,46 пайызға артық.