Бірінші тоқсанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 1,5 пайызға өсті

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 1,5 пайызға өсті.

Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.

Атап айтқанда, агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда асханаларды жалға беру бағасы 5,5 пайызға, дәріханаларды - 4,6 пайыз, фотосалондарды - 4,2 пайыз, сұлулық салондарын, фитнес клубтарын және жаттығу залдарын - 2,8-2,9 пайыз, дүкендерді - 2,2 пайыз, өндірістік цехтарды - 1,6 пайыз, көлік жуу орындарын - 1,3 пайыз, химиялық тазалау және кір жуатын орындарды жалдау 1 пайызға өскен.

Бұдан бөлек, мейрамханаларды жалға беру 1,1 пайызға, жер үсті паркингтерді - 0,7 пайызға, кафелерді жалға беру 0,4 пайызға арзандаған.

пайызбен, өсуі , төмендеуі -

2013ж. наурыз

2013ж. I тоқсан

2013ж. ақпанға

2012ж. наурызға

2012ж. желтоқсанға

2010ж. желтоқсанға

2012г. IV тоқсанға

2012г. I тоқсанға

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру

0,8

4,6

1,5

8,3

0,4

4,7

Әкімшілік-кеңсеге арналған жайлар

0,2

4,4

1,2

6,7

-0,9

4,3

Сауда орындары

0,9

7,0

2,4

10,9

1,5

6,9

Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру орындары

0,3

-0,8

-0,4

2,1

-1,3

-0,8

Тұрмыстық қызмет көрсету, сервис орындары

0,9

10,1

2,1

15,7

2,1

9,7

Қоймалар

0,9

3,3

1,4

7,4

1,0

4,0

Өндірістік жайлар

2,0

6,7

2,1

11,9

0,7

6,3