Бірінші тоқсанда құрылыс саласындағы бағалар 1,2 пайызға өсті - Статистика агенттігі
15:42, 09 Сәуір 2012
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылдың наурызында құрылыс-монтаж жұмыстарының бағасы өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 1,3 пайызға, машиналар мен олардың жабдықтары 1,2 пайызға өсті,
деп хабарлады Статистика агенттігінен.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, көлікпен байланысты өзге де бағалар мен шығындар 1,1 пайызға көбейген. Ал құрылыс саласы ойынша, жылу сақтағыш тақталардың бағасы 3 пайызға, табиғи тастан жасалған қиыршықтас 1,9 пайызға, ұяшықты бетоннан жасалған бұйымдар 1,4 пайызға, асбестцементтен жасалған тақталар 1 пайызға, бояулар мен эмальдар 0,8 пайызға, картон 0,5 пайызға, төбе жабатын рубероид 0,4 пайызға өсті.
Бұған қоса, пластмассадан жасалған есіктер мен терезелер 1,7 пайызға, табақты ағаш материалдарынан жасалған бұйымдар 1,4 пайызға, жазық илек 0,6 пайызға, олифа 0,5 пайызға, қаптама қыш кірпіштер 0,3 пайызға, ағаш-жоңқалы тақталар 0,2 пайызға арзандады.