Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде 45 мың жұмысшы 4 миллиардқа жуық айлық жалақыларын алды. Атап айтқанда, Алматыдағы «Қазақстанкаспийшельф» акционерлік қоғамының прокурорлық актілер негізінде 150 миллион теңге берешегін қайтарды. Ал Маңғыстау облысында «Жөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еңбеккерлер алдындағы 124 миллион, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Биохим» компаниясы» акционерлік қоғамы 30 миллион теңге қарыздарын өтеді», деді ресми өкіл.