Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылдың қаңтар-шілдесінде қазақстандық коняктар өндірісі 4,2 млн. литрді құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңдегі көрсеткішімен салыстырғанда 26,3 пайызға жоғары.
«Ал қаңтар-шілде аралығында өндірілген арақ 18 млн. 612,7 мың литрды құрады. Бұл 2013 жылға қарағанда 20,7 пайызға төмен көрсеткіш. Сонымен қатар, есепті кезеңде қайнатылған сыра мөлшері 6 пайызға артып, 304 млн 462 мың литрды құраған», делінген баспасөз баянында.