Бірінші жартыжылдықта Қазақстан халқының саны 113 мың дерлік адамға өсті

None
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан халқының саны 113 мың дерлік адамға өсті, деп хабарлады Статистика агенттігі.

«Ағымдағы жылдың шілде айының 1-індегі жағдай бойынша, жалпы республика халқының саны 16 148, 9 мың адамды құрады, оның ішінде 8 685,3 мың адам немесе 53,8 пайызы - қала тұрғындары, 7 463,5 мың адам немесе 46,2 пайызы - ауыл тұрғындары. Жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырар болсақ, халықтың саны 112,8 мың адамға артып отыр», делінген ақпаратта.

Айта кететін жайт, халық санының өсу үрдісі барлық өңірде байқалып отыр. Оның ішінде, ең жоғары көрсеткіштер: 26,2 мың адам - Оңтүстік Қазақстан облысында, 21,8 мың адам - Астанада, 15,3 мың адам - Алматыда және 14,3 мың адам - Алматы облысында тіркелген. Ал керісінше, Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш - 1,5 мың адамға, Ақмола облысында - 953 адамға, Қостанай облысында - 763 адамға кеміген.

Бірінші жартыжылдықта 179 610 бала туылған, оның ішінде 92 349 - ұл бала, 87 261 - қыз бала.