Бірінші жартыжылдықта Павлодар облысы бойынша 12 инновациялық жоба іске қосылған - аймақ әкімінің журналистермен кездесуі
бірінші жартыжылдықта аймақ бойынша жоспарланған 12 иннновациялық жобаның іске қосылғандығын хабарлады. Аймақ басшысы осы салада облыстың республика бойынша алғашқы орында келе жатқандығын атап өтті.
Өткен аптада өңірде жұмыс сапарымен болған Мемлекет басшысы облыс орталығында санитарлық тәртіп орнатып, көшелерде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын іске асырғандары үшін павлодарлықтарға өз ризашылығын білдірген болатын.
Б.Сағынтаев журналистердің «Ертіс» футбол клубының болашағы, басқармалар мен департамент басшыларының тұрақты өткізіп отыратын баспасөз мәслихаттары, Ақсу ауылындағы сібір жарасының залалын жою бойынша құрылған штаб жұмысы туралы қойған сұрақтарына жауап берді.
Аймақ басшысы сондай-ақ газет, радио мен телевидение журналистеріне құрмет грамоталарын, алғыс хаттар мен гранттар тапсырды.