Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 41, қызмет көрсету 52,4 пайызды құрады.
2011 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2337 млрд. теңгені құрды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 0,3 пайызға көп.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2011 жылғы қаңтар-шілдеде 2010 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 106,2 пайызды құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.