Бірқатар әуе компаниялары Синай түбегінің үстінен ұшақтарын ұшырудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда ресейлік ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін Emirates әуе тасымалдаушысы жексенбі күні Синай түбегі аумағының үстінен ұшақтарын ұшыруды тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін еуропалық ірі Lufthansa және Air France әуе компаниялары, сонымен қатар ресейлік Аэрофлот компаниясы да Синай түбегінің үстінен ұшудан бас тартқан болатын.

Еске салайық, 31 қазанда ресейлік «Когалымавиа» әуе компаниясының «Шарм-эш-Шейх - Санкт-Петербор» 9268 бағытындағы Airbus-321 әуе лайнері Мысырдан жергілікті уақыт бойынша сағат 6:21-де ұшып шығып, 23 минуттан кейін радар экрандарынан жоғалып кеткен. Әуе кемесінің бортында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Мысырдың Синай түбегінің орталығында апатқа ұшыраған ресейлік азаматтық ұшағының сынықтары табылды. Ұшақтағы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері Ресей азаматтары болып шықты. Ұшақ бортында 63 ер адам, 138 әйел мен 2-17 жас аралығындағы 17 бала болған