Бірқатар БАҚ өкілдері Қазақстан Журналистер ода­ғы­ сыйлығының иегері атанды

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Журналистер ода­ғы­ның басқармасы 2013 жыл­ғы үздік жұмыстардың респуб­­ликалық шығармашылық кон­курсының қорытындыларын қарай келе, Қазақ­стан Журналистер одағы сый­лығының лауреаты атағын берді.

Бұл туралы бүгін «Егемен Қазақстан» басылымы »Наградаларыңызбен, әріптестер!» атты мақалада жазып отыр.

Қазақстан Журналистер ода­ғы­ сыйлығының лауреаты төмендегідей номинациялар бойынша берілді:

1. Репортерлік жұмыс - Тә­жік телеграф агенттігінің шы­­ғарылым жетекшісі Кемар Ма­шанлоға, «zakon.kz» интернет-порта­лының журналисі Торғын Нұрсейітоваға - маңызды қоғам­дық-саяси оқи­ғаларды жедел жариялағандары үшін.

2. Экономикалық шолу - ҚазТАГ халықаралық ақпараттық қызметінің басшысы Расул Рыс­мамбетовке; «Интерфакс-Қа­зақстан» ақпараттық агент­ті­гінің бас редакторы Вячеслав Пащенкоға - елдің экономи­ка­лық дамуы туралы талдау мақа­лалары үшін.

3. Саяси шолу - «Хабар» телеарнасындағы «Көзқарас» бағдарламасының продюсері және жүргізушісі Ирак Елекеевке; «zonakz.net» интернет газеті бас редакторының орынбасары Ғимран Ерғалиевке - Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму жолдары туралы полемикалық шолулары үшін.

4. Журналистік зерттеу - «Сөздің шыны керек» бағдар­­­­ла­­масының редакторы Ирина Әлім­жановаға; «Честно говоря» бағдарламасының редакторы Полина Шиманскаяға - 31 те­ле­арнадағы өзекті тақырыптар бо­йынша репортерлік зерттеулері үшін.

5. Іздеу материалы - «Қа­зақ­стан патриоты» жур­налы­ның бас редакторы Раушан Қар­шаловаға; «Отан сақшысы» - «Часовой Роди­ны» газеті бас редакторының мінде­тін атқарушы Кенжебек Сейіт­мұхаммедовке - аға ұрпақ үлгісі негізінде жастарды патриоттық тәрбиелеу проблемалары туралы материалдар сериялары үшін.

6. Телеарналық жұмыс - жамбылдық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жүргізушісі Ғайни Әлімбекқызына - «Айна» және «Айша бибі» тарихи-та­ным­дық бағдарламаларды әзір­л­е­гені үшін; талдықорғандық «Жетісу» телеарнасының редакторы Антон Хатеновскийге - өңірдің әлеу­меттік-экономикалық дамуы туралы телерепортаждары үшін.

7. Зерттеу жұмыстары - сце­нарий авторы Жұмаділ Әділ­баевқа, оператор Анатолий Лаптевке - көрнекті қазақ жазушысы Орал­хан Бөкеевтің өмірі мен шығар­машылығына арналған «Кербұғы» киноэссесін әзірлегендері үшін.

8. Ғылыми-көпшілік жұмыс - «Казахстанская правда» газе­тінің арнаулы тілшісі Дулат Молдабаевқа - жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы мақалалар сериясы үшін; «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Анар Төлеуханға - Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің дамуы туралы мақалалар циклы үшін.

9. Медиа-жоба - «Новая газета» басшылары Сергей Ко­жеуровқа, Дмитрий Мура­товқа - қоғам­дық-саяси басы­лым­ды ұйым­дас­тыр­ғандары үшін.

«Казинпресс» редакциялық-баспалық тобы Қазақстандағы ақпараттық қызметтің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Әділ Ибраевты Амангелді Ахмет­әлі­мов атындағы сыйлықпен марапаттады.

«Қазақстан - ZAMAN» ха­лық­аралық газеті Қазақстандағы фотожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Дала мен қала» газетінің фототілшісі Қайрат Мұқашұлын Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықпен марапаттады.

Жас телепублицистерге арнал­ған Бейбіт Құсанбек атын­дағы арнаулы сыйлықпен «Қа­зақстан» телеарнасының жүр­гізушісі Бейсен Құранбек марапатталды.

Баспасөзге көрсеткен қол­дау­­лары мен журналистермен өзара түсіністіктері үшін Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебаевтың, Қазтелеком АҚ қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Юлия Искакованың, Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төр­ағасы Болат Қалианбековтің, «Нұр Отан» партиясының хат­шысы Ерлан Қариннің, «Казкоммерцбанк» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Лариса Коковинецтің, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас­пасөз қызметінің басшысы Бек­сұлтан Құрманқұловтың, Ішкі істер министрлігі Мем­ле­­кеттік тіл және ақпарат де­партаментінің директоры Ораз Нұр­ділданың қызметтері Қ­а­зақстан Журналистер ода­ғы­­­­­­­ның дипломдарымен атап өтілді.