Бірқатар ел Сочи олимпиадасына байланысты қоқан-лоқыға толы хат алды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Венгрия, Германия және Италияның Олимпиада комитеттері Сочиде өтетін Олимпиадаға өз спортшыларын жібермеу туралы ескертумен қатар қоқан-лоқыға толы электронды хат алды,

деп хабарлады ВВС.

Венгрия Олимпиада комитеті қоқан-лоқыға толы хат алғандығын, онда «мажарлық делегация үшін ең дұрысы үйде қалу» керектігі айтылғандығын хабарлаған.

Осы мәселеге орай Халықаралық олимпиада комитетінің мәлімдемесінде Венгрияның олимпиада комитетіне жіберілген хат шынайы қатер туындатпайтындығын, ал оны экстремистермен байланысы жоқ адам жібергендігі айтылған.

Сонымен қатар Халықаралық олимпиада комитеті кез келген қоқан-лоқыны төтенше жағдайда қарайтындығын әрі сол ақпаратты құқық қорғау органдарына беретіндігін атап өтті.