Бірқатар елдердегі ҚР Кеден қызметінің өкілдіктері Facebook-те өздерінің аккаунттарын ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар елдердегі ҚР Кеден қызметінің өкілдіктері Facebook-те өздерінің аккаунттарын ашты. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов мәлім етті.

«Осы тұрғыда азаматтардың хабарламалары комитеттің Facebook желісіндегі ресми аккаунтына келіп жатқандығын айтқым келеді», - деп тоқталды ресми өкіл. Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, мемлекетіміздің азаматтарының мүддесін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы, Беларусь Респуликасындағы (Минск, Брест қалалары), Ресей Федерациясындағы (Мәскеу, Санкт-Петербор қалалары), Корея Республикасындағы, Қырғыз Республикасындағы, Түрік Республикасындағы және Бельгия Корольдігіндегі кеден қызметінің өкілдіктері Facebook-те өздерінің аккаунттарын ашты. Аталған әлеуметтік желіде өкілдіктер өз қызметі туралы Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық сұрақтарына жауап беруге, сондай-ақ күрделі мәселелерді шешуде ықпал етуге дайын.