Айта кетейік, Тәуелсіздік сарайында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің алтыншы конференциясы аясында Лауазымды тұлғалар отырысының жұмысы өтіп жатыр. Конференция жұмысы екі сегменттен тұрады. Лауазымды тұлғалар отырысы қыркүйектің 27-сі мен 29-ы аралығында, ал Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің алтыншы конференциясының министрлер сегменті отырысы қазанның 1-і мен 2-сі аралығында өтеді.
Аталған саяжолда жалпы 30-ға жуық ағаш отырғызылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай акция енді дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ. «Бүгін біз ЭСКАТО (БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясы) алтыншы конференциясын өткізу алдында естелік ретінде алты жыл өсірілген шыршаларды отырғыздық. Алдағы жылы әлемде алғаш рет Астанада еуропалық елдер экологтарының конференциясы өтеді. Атап айтқанда, осындай игі шаралар арқылы бұл саяжол одан әрі көркейетініне үміттімін»,-деді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов.
Бүгінгі шара барысында министр Елбасының тапсырмасы бойынша 11 жылдың ішінде елордада және қала маңында 50 мың гектар жерге ағаш отырғызылғанын айтып өтті. «Жалпы еліміз бойынша 500 мың гектар алқапқа ағаштар мен жасыл желек егілді»,-деді Н. Әшімов.