Бірқатар мемлекеттердің Елшілері Қазақстан Президентіне Сенім грамоталарын тапсырды
11:03, 22 Сәуір 2013
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада бірқатар мемлекеттердің Елшілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сенім грамоталарын тапсырды.
Атап айтқанда, олардың ішінде Қазақстандағы Таиландтың Елшісі Чарна Жулламон, Ұлыбритания Елшісі Кэролин Браун, Швеция Елшісі Манне Вэнгборг, сондай-ақ Швейцария Елшісі Мауро Рейна, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Сухейль Матар аль-Кетби.
«Сіздерді Астанада жауапты дипломатиялық жұмыстарыңыздың басталуымен құттықтаймын. Осы орайда қызметтеріңіз сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екіжақты ынтымақтастық әлеуетін барынша кеңейтуге бағытталады деп сенемін»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.