Бірқатар министрліктер мен «KazEnergy» қауымдастығының арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалмақ

АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «KazEnergy» қауымдастығының білім беру, кадрларды даярлау және қызметкерлерді басқару мәселесіне арналған үйлестіру кеңесінің отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінің, «ҚазМұнайГаз» компаниясының, Лукойл, сондай-ақ басқа да компаниялардың өкілдері қатысты. Олар еліміздегі мұнай-газ саласындағы кадрларды даярлау бойынша техникалық стандарттарды әзірлеп, мамандардың теориялық және тәжірибелік жағын жетілдіру мәселесінің маңыздылығына тоқталды.

 Мұнымен қоса, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мен  «KazEnergy» қауымдастығының арасындағы ынтымақтастық туралы жасалатын келісім шарттары сөз болды. Бұл келісім биылғы жылғы қыркүйектің 21-інде тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енбек.