«Қалған министрліктер өкілеттіктеріндегі бірқатар өзгерістермен сақталады. Атап айтқанда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бюджеттік жоспарлау саласындағы қызметі Қаржы министрлігіне беріледі. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің балық шаруашылығы, су ресурстарын басқару, орман және су қызметтері ауыл шаруашылығы министрлігіне берілетін болады»,- деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы ҚР Премьер-Министрінің екі орынбасары қалатындығын атап өтті.
«Бірінші орынбасар болып Бақытжан Сағынтаев қала береді. Ал адами даму мәселелері жөніндегі орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова болады», - деді Н.Назарбаев.