Бірқатар облыстық сайлау комиссияларының мүшелері тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда бірқатар облыстық сайлау комиссияларының мүшелері тағайындалды.

Отырыс барысында аумақтық сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына басқа азаматтарды тағайындау туралы қаулы жобасын ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов таныстырды.

«Қаулы бойынша ОСК  «Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы 19-бабы 6-тармағының үшінші бөліміне және 8 тармағына сүйеніп, Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Т.Дәуітовты, Атырау облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Ғ.Қанатовты, Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп А.Степаненконы, Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Г.Герасимовты, Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Н.Чудовскийді, Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Ә.Әлішевті тағайындайды», - деді ол.

Қаулы жобасын ҚР ОСК мүшелері бірауыздан қолдап дауыс берді.