Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

24 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде боран соғады. Оңтүстік-батыс пен батыстан жел соғады. Кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Көкшетау қаласында таңертең және күндіз жаяу бұрқасын көтеріледі. Түнде және таңертең оңтүстік-батыс пен батыстан қарқыны 15-20 м/с болатын күшті жел соғады.

Ертең Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20м/с болатын жел соғады. Ал күндіз соғатын желдің ұйытқуы - 15-18 м/с.

Павлодар облысында 24 желтоқсанда қар жауып, кей жерлерде боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысында тұман түсіп, жел соғады. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с.