Бірқатар өңірдегі басшылар жемқорлық күдігіне ілінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23 қазанда еліміздің бірқатар өңірінің басшылық құрамы жемқорлық күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сауда жасауға рұқсат беру және кәсіпкерлік қызметке жалпы қамқорлық жасау үшін азаматтан 65 мың теңге алу күдігі бойынша Әл-Фараби ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм селолық округының әкімі күдікті болды.

Ол жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін азаматтан 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәлілігінің деңгейін анықтай отырып, сот шығарады.