Бірқатар өңірлерде ертеңге ескерту жарияланды - Қазгидромет

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, ертеңге бірқатар өңірлерде ескерту жарияланған.

Батыс Қазақстан облысында 15... 17, Атырауда 21... 23, күн бұлтты болады. Ақтөбе облысында 18... 20, жаңбыр, Солтүстік Қазақстан облысында 10... 12, жаңбыр күтіледі.

Ақмолада 10... 12, Павлодар облысында 13... 15, жаңбыр күтіледі. Қарағанды облысында 12... 14, күн бұлтты болады. Алматы облысында 19... 21, жаңбыр күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында 16... 18, бұлтты.

Қызылордада 20... 22, бұлтты, Жамбылда 15... 17, переменная көшпелі бұлттар, Оңтүстік Қазақстан облысында 18... 20, күн ашық болады.

Алматыда 15... 17, жаңбыр, Астанада 13... 15, жаңбыр жауады.

Бүгін таңертең Астанада 10 градус болды.

Бұған дейін хвабарланғандай, 27-30сәуір аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен желдің күшеюі, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді деп күтілуде.

Астанада 28-30 сәуірде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

26 - 29 сәуір аралығында ауа температурасының көтерілуіне, қардың тез еруі және жаңбырға байланысты Шығыс Қазақстан облысының көпшілігінде су деңгейі көтеріледі, су тасқыны болу қаупі бар.