«2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 10/95 қаулысына мынадай өзгерістер енгізіледі: бірінші форматта төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын - Алматы қаласы, Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстары үшін мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындауды «АВК » ЖШС жүзеге асырады», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.
Қаулы жобасын ҚР ОСК мүшелері бірауыздан қабылдады.