Бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

None
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 12.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысындағы бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтар болсақ, Ақмола облысы бойынша:

- «Екатеринбор-Алматы» а/ж 913-963 шақ, Атбасар-Жақсы аралығында;

- «Жақсы-Есіл-Бұзлұқ» 0-82 шақ;

- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 шақ., Қостанай обл.шекарасы-Сұрған аралығында;

- «Жезқазған-Петропавл» күре жолының 552-536 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Ал Қостанай облысы бойынша сағат 12.30 бастап қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» а/ж 217-232 шақ., Октябрьский ауылы-Ақмола облысымен шекара аралығында қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сағат 12.00 бастап профилактикалық жарылыс жұмыстарына байланысты «Өскемен-Зырян» а/ж 6-46 шақ., Ушановский ауылы-Степное аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.