Алматы облысы бойынша 12 қаңтардан бері "Үшарал-Достық" жолының 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 17.00 бастап бұл жолда көлік қозғалысы жанданды.
Бұдан бөлек, 17 қаңтарда сағат 15.00 бастап "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Үшарал-Шығыс Қазақстан облысы" аралығында жол жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында бүгін сағат 15.00 бастап "Алматы-Өскемен" жолының 615-775 шақырымындағы "Алматы обл - Аягөз" аралығында автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.
Сонымен қатар 17 қаңтарда сағат 15.00 бері "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" жолының 320-900 шақырымындағы "Қарағанды обл-Ақсуат" аралығында автокөлік барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.
Қарағанды облысында бүгін сағат 17.00 бастап қолайсыз ауа райына байланысты "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" жолының 217-320 шақырымындағы "Қарқаралы-Шығыс Қазақстан облысы" аралығында автокөлік барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Павлодар облысы бойынша кеше сағат 18.30 бері "Ульяновский-Керней-Баянауыл-Майқайың-Қалқаман" жолының 93-324 шақырымындағы "Қалқаман-Қарағанды обл." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
Бұған қоса бүгін сағат 17.00 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 205-259 шақырымындағы "Шідерті-Ақмола обл" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы бойынша 16 қаңтардан бері "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 16-205 шақырымындағы "Астана қ.-Павлодар обл" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.