«СІМ өзінің шетелдік мекемелері арқылы Қазақстанға гуманитарлық көмек тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде Корея Республикасынан, Қытайдан, Жапониядан және Швейцариядан тиісті көмек алу туралы келісімге қол жеткізілді», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, аталған елдер медициналық маскалар, вирустық тестілер, қорғаныс киімі, арнайы жабдықтар, сондай-ақ қазақстандық медиктерге консультациялық қолдау көрсететін болады. Мысалы, Корея мен Жапонияның эпидемиологтары 23-24 наурыз күндері біздің денсаулық сақтау министрлігі үшін арнайы бейне-кеңестер өткізуді жоспарлап отыр. Бірқатар елдермен, мысалы Израильмен эпидемиологиялық кеңес беру бойынша алдын ала уағдаластық бар», - деді Айбек Смадияров.
Сонымен қатар ол еліміздің Сыртқы істер министрлігі үш аусыммен жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Басшылық құрамында тұрақты топ жұмыс істейді. Қалған қызметкерлер бірнеше топқа бөлініп, кестеге сәйкес кезек-кезек қашықтықта жұмыс істеуде»,- деді ресми өкіл.