Бірқатар трассада көлік қозғалысына шектеу алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына енгізілген шектеулер алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қазіргі уақытта келесі трассалар қайта ашылды:

Астана қаласында:

- Астана қаласы – Щучье қаласы;

- Астана қаласы – Қарағанды облысының шекарасы;

- Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы.

Павлодар облысында:

- «Ленинск – Ақсу – Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов» республикалық маңызы бар тасжолының Ленинск ауылынан Ақсу қаласына дейінгі аралығы;

- Ертіс өзені арқылы өтетін көпір.

Ақмола облысында :

- «Астана – Қорғалжын» тасжолының 19 – 124 км аралығы, Астана қаласынан Қорғалжын ауылына дейінгі учаске;

- «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» күре жолының 16-51 км аралығы, Қосшы

Қарағанды облысында:

- «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» трассасының 51-67 км аралығы, Ақмола облысының шекарасынан Черниковка ауылына дейінгі аралық.