Бірқатар ЖОО ректорлары мен «Астана Опера» басшысы конкурстық негізде тағайындалады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

ҚазақстанПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жоғары оқу орындарының және Баспрокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректорларын,Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры мен «Астана Опера»мемлекеттік опера және балет театрының басшысын тағайындау тәртібін қайта қараутуралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққасәйкес аталған мекемелердің бірінші басшыларын тиісті саланы жетекшілік ететінуәкілетті органдар тағайындайтын болады. Жауапты лауазымдарға үміткерлердііріктеу конкурс негізінде жүргізіледі.

Жаңатағайындау тәртібі келесі ұлттық жоғарғы оқу орындарына қатысты:

Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университеті;

Л.Н. Гумилеватындағы Еуразия ұлттық университеті;

Қ.И. Сәтбаеватындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;

Абайатындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

Қазақ ұлттықаграрлық университеті;

Құрманғазыатындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;

Қазақ ұлттықөнер университеті;

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;

Қазақ ұлттықхореография академиясы;

Қазақ ұлттыққыздар педагогикалық университеті.

Соңғы жаңалықтар