Бірлескен бұл кәсіпорын екі елдің де дамуына өз үлесін қосады - «Хундай мотор» компаниясының вице-президенті
"Халықаралық қатынасты дамытуда экономика мен мәдениет маңызды рөл атқарады. Бұл қазақ-корей экономикалық ынтымақтастығындағы жаңа кезеңнің басы болмақ. Бірлескен кәсіпорын екі елдің де дамуына өз үлесін қосады. Бұл шара өткен жылы сәуір айында ҚР Президентінің ресми сапары кезінде Сеулде қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумның нәтижесі болып отыр", дейді «Хундай мотор» компаниясының вице-президенті Хан Ионг Шой. Оның сөзіне қарағанда, олар Қазақстан үкіметі жағынан мемлекеттік қолдауға үлкен үміт артып отыр. Өз тараптарынан бірлескен кәсіпорынға жаңа технологияларды әкеліп, Қазақстан экономикасы үшін өнім бағасын төмендетуге барлық күш-жігерін жұмсамақ. Өйткені Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы ел болуы оларға үлкен жауапкершілік жүктеуде.