деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Жаңаөзен әкімдігінде өткен кездесуге қала әкімі Орақ Сарбөпеев, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының «Өзенмұнайгаз» құрылымдық бөлімі кәсіподақ ұйымының жетекшілері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің бірінші орынбасары Аманкелді Айтқұлов жетекшілік ететін бұл жұмыс комиссиясы ағымдағы жылы 14 шілдеде Маңғыстау облысы әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бірлескен шешімімен құрылған болатын.
Кездесу барысында Аманкелді Айтқұлов қалыптасқан ахуалды реттеу жөніндегі облыс әкімдігі мен компания басшылығы қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті. Атап көрсетілгендей, комиссия жұмысының аясында наразылық білдірушілерге акцияларын тоқтатып, өз жұмыс орындарына шығуға, ал жұмыстан босатылғандарға - жұмыс орындарына қайта алу туралы өтініштерін жұмыс комиссиясының қарауына беруге мүмкіндік беру үшін жұмысшыларды босатуға уақытша мораторий енгізілді.
Наразылық білдіруші жұмысшылардың өкілдері өз кезектерінде, мұнайшыларды жұмыстан босату туралы жұмыс берушінің актілерінің күшін тоқтату және Ақжанат Аминов мен Наталья Соколованы қамаудан босату туралы талаптарының орындалуы туралы тілек білдірді. Одан кейін диалогтан бас тартқан олар, мәжіліс залын тастап шықты.
Мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері және кәсіподақ төрағалары қалыптасып отырған ахуалға өз пікірлерін білдірді.
- Тығырықтан шығу үшін мәмілеге келуіміз керек. Түсіндіру жұмыстары жалғасады. Жарияланып отырған мораторийдің шексіз емес екендігін наразылық акциясына қатысушылардың назарына жеткізуіміз керек, дейді жұмыс комиссиясының жетекшісі Аманкелді Айтқұлов.