Бірлікті ту еткен ұлттар ғана ел дамуының ауқымды жобаларын іске асыра алады - «KAZENERGY» қауымдастығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің мұнай-газ және энергетикалық саласының барша қызметкерлерінің атынан «KAZENERGY» қауымдастығы Нұрсұлтан Назарбаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады.

«Ұлт көшбасшысы бастамашылық еткен бес институционалық реформаларды іске асыру - ел дамуының тарихи кезеңінде маңызды да дер кезінде қолға алынған үрдіс.

Бес институционалдық реформа Қазақстанның мемлекеттілігі мен экономикасын нығайтудың пәрменді аспаптары болып табылады», - делінген құттықтау мәтінде.

Қазақстандықтар алға қойылған мақсаттарға қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтай, азаматтық қағидатында қазақстандық бірізділікті қалыптастыра отырып қол жеткізе алады. Бірлікті ту еткен ел ғана елдің гүлденуіне жол ашатын ауқымды даму жобаларын іске асыра алады.

Бес халықтық реформада сындарлы стратегиялық мақсат, халық пен мемлекеттің бірлескен күшінің сенімілігі бар.

Осындай жан-жақты ойластырылған бағдарлама арқылы Қазақстан қазіргі әлеуетті қауіптерді еңсеріп, тұрақты, орнықты даму жолына түсе алады, деген сенімін білдірді «KAZENERGY» өкілдігінде.