Бирмингем-2018: Эстафетадан қыздарымыз биылғы маусымдағы үздік нәтижені тіркеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен жабық кешендегі әлем чемпионатында қыздарымыз 4х400 метрлік эстафетада биылғы маусымдағы үздік нәтижелерін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, 4х400 метрлік эстафетаға әйелдерден жалпы саны9 команда қатысқан. Олар екі топқа бөлініп жүгірді. Қазақстан қыздарының қарсыластарының арасында АҚШ, Ұлыбритания, Италия болды.

Жерлестеріміз алғашында сәтті бастаған. Светлана Голендова мен Элина Михина жоғары деңгейде жүгіріп өтті. Ал үшінші-төртінші кезеңде Аделина Ахметова мен Любовь Ушакова айтарлықтай қалып қойып, қарсыластарға 8 секундқа ұтылды. Дегенмен бұл төрттік соған қарамастан осы маусымдағы ең үздік нәтижені тіркеді - 3.41.67 минут.

Бирмингем. Жабық кешендегі әлем чемпионаты. 4х400 метрлік эстафета (әйелдер). Іріктеу кезеңі.

1-топ:

1.    АҚШ - 3.30,54 мин.

2.     Ұлыбритания - 3.32,57 мин.

3.     Италия - 3.32,62 мин.

... 4 (9 - sum.). Қазақстан - 3.40,54 мин.