Осы оқиғаның салдарынан бір адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды. Полиция бұл шабуылдың лаңкесттікке қатысы жоқ екендігін айтып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC -ге сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның хабарлауынша, бірінші шабуыл жергілікті уақытпен сағат 00:30-да жасалды. Одан кейін пышақ ұстаған ер адам қаланың оңтүстігіне қарай жүрген. Сағат 02:20 шамасында ол Херст-стрит көшесінің жанында адамдарға жарақат салған.
Жексенбінің кешінде полиция шабуылға күдікті деп танылған ер адам түсіп қалған сыртқы бақылау камераларының кадрларын жариялады.
Полиция өкілдері шабуылдаушының алдынан кезіккен кез-келген адамды пышақтай бергенін, яғни оның әрекеттерінен лаңкестік белгілері жоқ екенін айтып отыр. Бұдан бөлек, олар бұл шабуылдың криминалдық топтардың қақтығысымен немесе жаппай тәртіпсіздікпен байланысты екендігін растайтын куәгерлердің жоқ екенін айтады.
«Бүгін түнде адам шошытарлықтай сұмдық оқиға болды. Бұл кездейсоқ адамдарға жасалған шабуыл, себебі біз құрбандардың арасында ешқандай байланыс жоқ», - деді Бирмингем полициясының аға суперинтенданты Стив Грэм.
Аталған фактіге қатысты адам өлтіру әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды және оған бір ғана адам күдікті болып отыр.
Пышақ жарақаты салдарынан 23 жастағы ер адам қаза болды. Бұдан басқа, 19 жастағы бойжеткен мен 32 жастағы ер адам ауыр жарақат алған, 23-33 жас арасындағы тағы бес адам жеңіл жарақаттанды.